|
Хабарландырулар
барлық хабарландырулар
|
Лицензия алуға өтінім
«Лицензиялау туралы» 11.01.2007 ж. № 214 ҚР Заңының 42-бабына сәйкес атом энергиясын пайдалану сферасындағы іс-әрекет түріне лицензия алу үшін ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитетке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Өтініш;
- Жарғының (экспорттық және импорттық операциялардан басқа) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері – заңды тұлға үшін;
- Тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі, - жеке тұлға ұшін;
- Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі – жеке кәсіпкер үшін;
- Өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Іс-әрекеттің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлегендікті растайтын құжат;
- Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеттің пошталық мекенжайы: Астана қ. 010000 Орынбор к., Министерліктер Үйі, 13 подъезд, 565 каб.
Лицензиялау басқармасының тедефондары: (7172) 502951, 502955
Өтініштің үлгісін осы жерден түсіріп алыңыз
|