ІЗДЕУ
 

Хабарландырулар



барлық хабарландырулар

Байланыс

010000,  Астана к, Орынбор көшесi, 10,  Министрліктер үйі, 13 кіріс

Қабылдау телефоны: (7172) 502953
Факс: (7172) 503073

E-mail: info@kaec.kz

 

Негізгі   Халықаралық ынтымақтастық   ХАЭА   Техникалық ынтымақтастық

Техникалық ынтымақтастық

 

Ұлттық жобалар

 

Аймақтық жобалар

 

 

 

Ядролық технологияларды бейбіт дамыту, өзге елдермен, агент мүшелері арасында техникалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау және оны жүзеге асыру Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) жарғылық қызметінің бір түрі болса, Қазақстан 1993 жылдан бастап АЭХА-ң мүшесі болып табылады.

 

Техникалық ынтымақтастық бағдарламасының мақсаты ядролық-физикалық, изотоптық және әр түрлі қызмет саласының әдістерін, атом энергетикасын, ядролық отын цикл кәсіпорындарын қоса алғанда, атом энергесиясын бейбіт мақсатта қолданудағы қауіпсіздік деңгейін көтеру болып табылады. АЭХА рөлі ядролық ғылыми және технологиялар облысында білім беру болып табылады. Бұл бәрінен бұрын мамандар дайындауда, сарапшы ұсынысын беруде және кішігірім мемлекеттің ғылыми, техникалық және технологиялық деңгейін нығайту мақсатында жабдықтар ұсынумен жүргізіледі. Технологиялар ұсыну техникалық сарапшы білімін беру, сапалы бақылау және АЭХА-да орналасқан ақпараттық желілерге қосылу арқылы алмастырылады.

 

АЭХА-мен Республика арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы 1994 ж. 4 қазанда келісілген «Ынтымақтастық туралы Жалпы келісім» бойынша және 1997 жылғы 25 наурызда қол қойылған АЭХА-ның ҚР Үкіметіне техникалық көмек ұсыну туралы қосымша келісімі арқылы жүзеге асырылады.

 

АЭХА-мен техникалық ынтымақтастық-бұл ядролық технологиялардың мемлекет экономикасына қосатын үлесін ұлғайтудағы ең маңызды тетігі болып табылады. ҚР ЭМРМ АЭК-ті АЭХА-мен әлеуметтік-экономикалық елеулі жетістігіне, Республиканың тұрақты дамуындағы басымды мәселелерін шешудегі маңызды салымына бағытталған техникалық ынтымақтастық стратегиясын қолдайды. Көптеген жылдар арасында Қазақстанның ұйымдары техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуы арқылы алған, әр түрлі ядролық және технологиялық әдістемелері Республикада жетістікпен қолданылуда. Қазақстанның көптеген мамандары біліктілігін жоғарылатуда әлемнің жетекші орталықтарында дайындықтан өтті.

 

Техникалық ынтымақтастық бағдарламасында ел қатысушылары бірнеше аймақтық топтарға бөлінген. Қазақстан Еуропалық топқа жатады. Өзінің бағытына байланысты техникалық ынтымақтастық бағдарламасының жобасы ұлттық (бір елде жүзеге асырылатын) аймақтық және халықаралық болып бөлінген.

 

Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы АЭХА-ң Басқарушы Кеңесі аймақтық және халықаралық жобалардан қабылдаған елдердің айқын ұлттық жобасы бойынша және АЭХА-ң атом энергиясын әр түрлі облысы бойынша бейбіт дамуындағы ел қатысушыларының қажеттілігі мен ұсыныстары талқыланатын Кеңесіндегі шешімдері мен ұсыныстары негізінде құрылған.

Бұдан бұрын техникалық ынтымақтастық бағдарламасы 2 жылдық циклден жасақталатын. 2009 жылдан бастап АЭХА-ң техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жоспарлау 3 жылдыққа көшті.

 

Техникалық ынтымақтастық бағдарламасының жобасы АЭХА-ң ел қатысушыларының ерікті салымдарынан жасақталған техникалық ынтымақтастық қорынан қаржыландырады. Ұлттық жобаны жүзеге асыру кезінде елден өтініш беруші иелерінің өз тарапынан жобаны қаржыландыру үлесі де қарастырылған. Сол сияқты АЭХА-ң қатысушы ел тарапынан ұлттық жобаға міндетті 5 пайыздық аванс салымы және аймақтық және халықаралық жобалар арқылы ұлттық мамандар дайындауда 5 пайыздық қайтарылым шығын сомасы да қарастырылған.