ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті
http://www.kaec.kz/zajaliz
Басып шығарылды: 19.05.12 08:50

Лицензия алуға өтінім


«Лицензиялау туралы» 11.01.2007 ж. № 214 ҚР Заңының 42-бабына сәйкес атом энергиясын пайдалану сферасындағы іс-әрекет түріне лицензия алу үшін ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитетке келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Өтініш;
  2. Жарғының (экспорттық және импорттық операциялардан басқа) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері – заңды тұлға үшін;
  3. Тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі, - жеке тұлға ұшін;
  4. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі – жеке кәсіпкер үшін;
  5. Өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  6. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлегендікті растайтын құжат;
  7. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеттің пошталық мекенжайы:
Астана қ. 010000
Орынбор к., Министерліктер Үйі, 13 подъезд, 565 каб.

Лицензиялау басқармасының тедефондары: (7172) 502951, 502955


Өтініштің үлгісін осы жерден түсіріп алыңыз






Вернуться к обычной версии