ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті
http://www.kaec.kz/personnel
Басып шығарылды: 19.05.12 08:49

Персоналды дайындау


     Атом энергиясын пайдалану нысандарын қауіпсіз пайдалану тек қана жақсы оқытылған білікті қызметшілер құрамы бар болған кезде мүмкін. «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңда (18-бап, 4-тармақ) «пайдаланушы ұйымның қызметшілер құрамы ҚР Үкіметі орнататын тәртіпте аттестаттаудан өтеді» деп жазылған.

     Комитет «Қызметшілер құрамына атом энергиясын пайдалану саласында жұмыстар жүргізу құқықығына рұқсат берудің жалпы ережесін»  әзірледі және бекітті, соған сәйкес өз ұйымдарында ядролық және радиациялық қауіпсіздікке жауапты басшылар мен мамандарды аттестаттау жүргізіледі. Тексеру осы салада қолданыстағы заңдарды, ережелер мен нормаларды білуге жүргізіледі.

     Бұл құжатта аттестаттаудан өтулері қажет басшылар мен мамандардың санаттары анықталған, сондай-ақ аттестаттауды жүргізу тәртібі келтірілген.

     Аттестаттаудан өту үшін <... жалпы ережелердің> 1- және 2- қосымшаларында келтірілген өтінішті толтыру мен ұсыну қажет.

     Өтінішті толтыру мен ұсыну кезінде <... жалпы ережелердің> - <ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылау іс-әрекетін іске асыру құқығына> 1.5.2. т. пайдаланыласын, ядролық қауіпті іс-әрекет түрлерімен айналыспайтын ұйымдар үшін мәтіннен <ядролық>  сөзін алып тастап.
     2-қосымшаға 1-Толықтыруда келтірілген барлық құжаттар жиналсын. Тармақтар үшін:
     Міндетті түрде туған күні
     Мамандық бойынша жұмыс өтілі көрсетілсін
     Қайта аттестаттаудан өту жағдайында берілсін
     Егер лауазымдық нұсқау жіберілген болса, ол лицензиялау құжаттарын қоса берілгендігі көрсетілсін. Егер жоқ болса – онда жіберілсін.
     Т. 5 пен 6 - бірге
     Біліктілікті жоғарылату туралы сертификаттардың көшірмелері керек.
     Соңғы профтексетуден өткендік туралы анықтаманың немесе санитарлық кітапшаның көшірмесі.
     Тек қана 1- бөлімдері бар ұйымдардың қызметшілер құрамы үшін.
     Барлық құжаттар ілеспе хаттарымен бірге Комитеттің мекенжайына жіберілсін. Жауап ретінде сіздер аттестаттау қашан және қайда өтетіндігі туралы ақпаратпен хабарлама аласыз.

     Сұрақтар туындаған жағдайда, қоңырау соғыңыз:
     Қабылдау бөлмесі: (7172) 502953
     Лицензиялау басқармасы: (7172) 502951, 502955 

 
немесе жазыңыз:

     M.Idrissova@kaec.kz.
     Маржан Әбдешқызы Ыдырысоваға.

 

Емтихан сұрақтары түсіріп алынсын 






Вернуться к обычной версии