|
||||
Заңнама, ережелер мен нормалар
Комитет іс-әрекетінің басты мақсаты – бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде қауіпсіздікті, тұрғындар мен адамның тіршілік ортасын қорғаудың атом энергиясын пайдалану кезіндегі іс-әрекетпен байланысты әртүрлі факторлардың мүмкін теріс ықпалынан сенімді және экономикалық әсерлі қамтамасыз ету. ҚР аумағында радиациялық жағдайды анықтаушы факторлар:
Қазақстанда атом энергиясын пайдалану бойынша іс-әрекеті кең ұсынылған болып табылады - ядро-отын циклі кәсіпорындары ғана емес, медициналық, ғылыми және басқа мекемелердің кең қатары радиоактивті көздерді пайдаланады. Сонымен, Комитеттің әсер ету саласына ғылыми-өндірістік атом кешенінің кәсіпорындары ғана емес, іс-әрекеттері ядролық және радиациялық қатер төндіретін атом энергиясының пайдалану саласындағы барлық нысандар мен субъектілер кіреді. Шаруашылықтың көптеген саласында изотоп өнімі пайдаланылады, негізінен иондаушы сәуле таратудың ампулалық деп аталатын көзі түрінде. Атом энергиясын қауіпсіз пайдаланудың маңызды шарттарының бірі құқықтық реттеу, өз іс-әрекетінде атом энергиясын пайдаланатын ұйымдар және ядролық пен радиациялық қауіпсіздікті реттеудің мемлекеттік органы арасында міндеттемелерді бөлу және жауапкершіліктің аражігін ажырату болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысымен лицензиялауға жататын іс-әрекет түрлеріне лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілді. Олардың қатарына Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ведомствосы болып табылатын Атом энергетикасы жөніндегі комитет енгізілді. Комитет орнатылған тәртіпте, Комитет туралы ережеде анықталған, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жауапты хатшысының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 20-К бұйрығымен бекітілген функциялар қатарын іске асырады. Заңнамашы Комитетке атом энергиясын пайдаланумен байланысты іс-әрекеттер түрін лицензиялауды іске асыру және өз құзыреті шектеуінде лицензиялық ережені сақтауды бақылау құқығын берді. Атом энергиясын пайдалану саласында негізгі іс-әрекеттер түрлері «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 Заңның 13 бабында, «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі №93 Заңның 5 бабында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы №270 қаулысымен белгіленген. «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заң (1997 жылғы 14 сәуірдегі №93) атом энергиясын пайдалану саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық негізін анықтайды және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, атом қаруының таралмау режимін қамтамасыз етуге, атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық пен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Заң атом энергиясын пайдалану саласында өкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымдық тұлғалардың негізгі құқықтарын белгілейді, атом энергиясын пайдаланумен байланысты барлық іс-әрекет түрлерін міндетті лицензиялауды орнатады. "Лицензиялау туралы"Заң (2007 жылғы 11 қаңтардағы №214) лицензиялауға жататын іс-әрекеттерді не болмаса белгілі бір әрекеттерді мемлекеттік лицензиялаумен байланысты қатынастарды реттейді, лицензиялаудың негізгі принциптерін, түрлерін және лицензиялардың үлгілерін анықтайды, лицензия алу үшін қажет құжаттардың тізбесін анықтайды. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заң (1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219) Халықты иондаушы сәуле таратудың денсаулыққа зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін анықтайды. Заң радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін, радиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаудың жалпы талаптарын және иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс істеу кезінде радициялық қауіпсіздікті қамтамсыз етуді орнатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (2008 жылғы 19 наурыздағы №270) "Лицензиялау ережесін бекіту және атом энергиясын пайдалану саласында іс-әрекеттер түрлерін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Атом энергетикасы жөніндегі комитетте лицензиялауға жататын іс-әрекеттер түрлері тізбесін анықтайды («Атом энергиясын пайдалану туралы» заңға сәйкес) атом энергиясын пайдаланумен байланысты іс-әрекеттер түрлеріне өтінім берушілерге біліктілік талаптарын орнатады, лицензия алу үшін қажет міндетті құжаттардың құрамын анықтайды.
Вернуться к обычной версии | ||||
|
© Создание сайта – Студия SF7 |