ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті
http://www.kaec.kz/inis
Басып шығарылды: 09.02.12 20:29

ИНИС



ИНИС – ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жетекші халықаралық ақпараттық жүйе. Ағылшындық INIS аббревиатурасы International Nuclear Information System білдіреді (Ядролық ақпараттың халықаралық жүйесі - ИНИС). Жүйені Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) мемлекеттік және халықаралық ұйымдар – ИНИС мүшелерімен ынтымақтастықта құрған және пайдаланады.

ИНИС атом ғылымы мен техникасы саласында басылымдар туралы жаппай қамтушы реферативтік хабарлама бойынша қызметтер береді. ИНИС тематикалық қамтуы атом энергиясы мен технологияны бейбітшілікте пайдалану саласында АЭХА мүддесі мен іс-әрекеті шеңберінде халықаралық қауымдастықтың ақпараттық қажеттілігіне сәйкес әзірленді.

ИНИС келесі бөлімдерден тұрады:
       - Ядролық энергия (ядрлық энергетика мен құралдар, ядролық реакторлар, ядролық отын циклы, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу), ядролық қауіпсіздік;
       - ядролық қызығушылық ұсынатын материалдар, қоршаған ортаның аспектілері (энергияның ядролық және ядролық емес көздері), экономикалық аспектілер;
       - кепілдіктер, таратпау;
       - ядролық әдістерді қолдану (изотоптар мен радиациялық көздерді өндіру мен өндірістік қолдану, радиоизотоптарды және суәлелерді жер туралы ғылымда қолдану, радиоизотоптарды және суәлелерді ауыл шаруашылығында, биологияда және медицинада қолдану);
       - Радиациялық қорғаныс;
       - химияның ядролық аспектілері (радиохимия, радиациялық химия, ядролық химия, ядролық аналитикалық әдістер).

Ядролық ақпарат бойынша халықаралық жүйенің негізгі өнімі ИНИС-тің реферативтік библиографиялық деректер базасы болып табылады. Деректер базасын ИНИС-тің ел-қатысушылары және онымен ынтымақтастықтағы бірқатар халықаралық ұйымдар 1970 жылдан құрады. Қуатты ақпараттық жүйені құруға бағытталған ИНИС қатысушыларының күшін біріктірумен АЭХА-да (Вена, Австрия) орналасқан, ИНИС Хатшылығы айналысады.

1975 жылдан осы деректер базасындағы барлық құжаттар дерлік рефераттармен ұсынылған. Осы сәтке онда деректер базасының жыл сайын орта есеппен 80 – 90 мың бірлікке толығуымен 2,8 млн. астам библиографиялық жазулар бар. Әр жазуда нақты ғылыми басылым туралы реферативтік ақпарат бар (кітаптар, мақалалар, журналдар, конференциялар еңбектері, препринттер, патенттер, диссертациялар және с.с.).

ИНИС-ке енгізілетін әдебиет екі санатқа бөліне алады: кәдімгі және қол жету қиын. Бірінші санат кәдімгі кітап саудасы каналдары, журналдар бойынша, сондай-ақ баспалар арқылы қол жететін әдебиеттерден тұрады. Қол жету қиын (non-conventional) әдебиет басылымдардың барлық басқа түрлерін қамтиды, соның ішінде ғылыми-техникалық есеп берулер, патенттік құжаттаманы, конференцияларға олар басталғанға дейін ұсынылған баяндамаларды, сондай-ақ сату үшін арналмаған басылымдарды. 1970 жылдан бастап осы уақытқа дейін кезеңде non-conventional әдебиетінің толық жинағы 850 мыңнан астам толықмәтінді құжаттарды құрайды. Сондай-ақ онда толық мәтіндері тек қана ИНИС-те сақталған және басқа еш жерде табуға болмайтын сирек құжаттардың бар екендігін атай кеткен жөн. Осының барлығы ИНИС-тің қол жету қиын әдебиеттер кітапханасын шынымен бірегей етеді.

ИНИС-тің негізі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Бұл бірінші халықаралық ақпараттық жүйе, онда пайдаланушылар үшін енгізуге дайындық та, шығу өнімдерін тарату да орталықсыздандырылған. Тек деректерді өңдеу мен шығу ақпаратының өндірісі ИНИС Хатшылығында орталықтандырылған.

Қазір ИНИС-те 142 қатысушы бар, олардан 119 ел және 23 халықаралық ұйым. Қазақстан ИНИС-тің мемлекет-мүшесі болып табылады. Жыл сайын Қазақстанның ИНИС-пен байланыс жөніндегі өкілдері мамандандырылған WinFibre бағдарламасын пайдаланумен орта есеппен 300 бірлікке дейін ақпарат енгізеді.

Қазақстанда өзінің ұлттық ИНИС орталығы жоқ, бірақ келешекте оны құру, сондай-ақ берілетін қызметтердің кең спектрімен ядролық-физикалық ақпараттың ақпараттық жүйесін әзірлеу көзделеді, соның ішінде ядролық-физикалық бейіндегі барлық ұйымдар үшін Қазақстанда басып шығарылған ИНИС-тің толықмәтінді қол жету қиын ақпаратын жеткізу бойынша. Бұл ақпарат ядролық ғылымды зерттеумен айналысатын мамандарға, студенттерге, аспиранттарға өте пайдалы болады. Кейін бұл жүйе Қазақстанның ядрошы-физиктері үшін негізгі ақпараттық ресурс бола алады.

2008 жылдың қыркүйегінен ИНИС-пен байланыс жөніндегі өкіл болып Докторович Ирина Васильевна тағайындалды, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» ЕМК (ж.т.: (72251) 23413, факс: (72251) 22806, e-mail: irbe@nnc.kz).





Вернуться к обычной версии