ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті
http://www.kaec.kz/ines
Басып шығарылды: 09.02.12 20:28

ИНЕС



Ядролық оқиғалардың халықаралық шкаласы (ИНЕС)

Жүктелген міндеттер мен қызметтерге сәйкес ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің іс-әрекеті сфераларының бірі мамандандырылған халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің қадағалау органдарымен радиациялық апат және апаттық жағдайлар туралы жедел хабарламалармен алмасу болып табылады. Бұл ретте ядролық оқиғалардың халықаралық шкаласы – ИНЕС пайдаланылады.

ИНЕС 1990 ж. Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ядролық энергия жөніндегі агенттігімен (АЯЭ ОЭСР) бірлесіп енгізілді. Оның басты мақсаты – атом өнеркәсібі мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам арасында ядролық қондырғыларда кездесетін оқиғалардың қауіпсіздік тұрғысынан маңыздылығы жайлы байланыс пен өзара түсіністікті жеңілдету. Шкала 1992 ж. жинақталған тәжірибе аясында нақтыланды және радиоактивті материалдармен және/немесе радиациямен, соның ішінде осындай материалдарды тасымалдаумен байланысты қандай да болмасын оқиғаларға қолдану үшін кеңітілді.

Осы шкала шеңберінде оқиғалар жеті деңгей бойынша жіктеледі: жоғары деңгейлерде (4-7) олар «апаттар» деп аталады, ал төменгі деңгейлерде (1-3) – «инциденттер». Қауіпсіздік тұрғысынан елеулі емес оқиғалар шкаланың 0 деңгейінен төмен жіктеледі және «ауытқулар деп аталады». Шкаланың құрылымы төмендегі суретте көрсетілген. Жіктеу рәсімдері «Ядролық оқиғалардың халықаралық шкаласы (ИНЕС). Пайдаланушылар үшін нұсқау. 2001 ж. Басылым», АЭХА, Вена, 2001.  Құжатында егжей-тегжейлі мазмұндалған.






Вернуться к обычной версии