ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитеті
http://www.kaec.kz/export
Басып шығарылды: 09.02.12 20:42

Экспорт-Импорт


        Экспорттық бақылау саласындағы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы (заңдар мен ережелер) өзімен тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, қызметтерге, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелеріне қатысты сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін ұсынады. Әлемдік практикада экспорттық бақылау нысандары қару, әскери техника, әскери-техникалық салада қолданылатын  жұмыстар, қызметтер, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелері, атом энергиясын пайдаланумен байланысты жабдықтар мен материалдар, әскери және азаматтық мақсаттарда қолданылатын тауарлар мен екі жақты арналудағы технологиялар болып табылады.

        ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитет өзінің өкілеттілігіне сәйкес коммерциялық мақсаттарда беру, сату немесе сатып алу немесе коммерциялық емес сипатта беруден тұратын, атом энергиясын пайдалану саласында тауарлар мен қызметтің экспорты мен импортына бақылауды іске асырады.

        Бақылаудың бағыттарының бірі – экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу болып табылады.

        Ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімге ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар; арнайы ядролық емес материалдар; екі жақты арналудағы жабдықтар, материалдар мен технологиялар; иондаушы сәуле тарату көздері мен изотоптық өнімдер жатады.

        Экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу орнатылған үлгідегі өтініштер және экспорт жолдары мен өнімді соңғы пайдаланушының сенімділігін жанжақты бағалау негізінде іске асырылады. Ядролық экспорттың жекелеген санаттары үшін ядролық қаруы жоқ елдердің құзіретті мемлекеттік органдары тарапынан алынатын өнімді бейбітшілікте пайдалануы туралы кепілдіктің болуы қажет.

        Ядролық экспорт пен импортқа лицензиялар тек қана атом энергиясын пайдалану саласында белгілі іс-әрекет түрін жүргізуге Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің лицензиялары бар заңды тұлғаларға беріледі (сайттың «Лицензиялау» бөлімін қар.).

        Сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі құқықтық реттеу, міндеттерді бөлу және экспорттық-импорттық операцияларды іске асырушы ұйымдар және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу органы арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату болып табылады.

  1. Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі №300 Қазақстан Республикасының Заңы 
  2. Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау, соның ішінде экспорттық бақылауға жататын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі іс-әрекетті, лицензиялау бойынша іс-әрекетке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарлар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы №578 қаулысы
  3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 қаулысы
  4. Ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтардың, қондырғылардың, арнайы ядролық емес материалдардың, екі жақты арналудағы материалдар мен технологиялардың, радиоактивті сәуле тарату көздері мен изотоптық өнімнің экспорты мен импорты туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.03.93 жылғы №183 қаулысы
  5. Өнімді тасымалдауға рұқсат беру ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысы
  6. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыста өнімді қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №70 қаулысы
  7. Сыртқыэкономикалық іс-әрекетке қатысушылардың (өтініш берушілердің) экспорттық бақылауының фирмаішілік жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1375 қаулысы
  8. Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы №1917 қаулысы (05.12.08 ж. редакцияда)
  9. Импорттаушылардың (соңғы пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін рәсімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы №244 қаулысы  

        Өтініштердің бланкілерін осы жерден түсіріп алуға болады





Вернуться к обычной версии