Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті 1992 жылдың қыркүйегінде құрылған Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің құқықтық мұрагері болып табылады.
Комитет өзінің Ережесіне сәйкес атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде қауiпсiздікті қамтамасыз ету саласындағы бақылау-қадағалау функциаларын жүзеге асырады. Осылайша, Комитеттiң негізгi мiндеттерi атом энергиясын пайдалануымен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қауiпсiздік мәселелерін реттеу, ядролық, радиациялық және физикалық қауiпсiздікті қадағалау, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстандағы ядролық қызметтің қауiпсiздігін реттеу құралдарының бірі Комитетпен жүзеге асырылатын мемлекеттік лицензиалау болып табылады. Лицензиалау заңнаманың талаптарын, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қауiпсiздік нормаларын және ережелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында жургізіледі.
Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет міндетті түрде лицензияланады, осы саладағы лицензияланбаған кызметті мемлекет жазаға тартады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі бекітілген лицензиялау регламенті болып табылады. Онда лицензиялау рәсімдерін жүргізу тәртібі және мерзімі айқындалған (түскен отініштермен жұмысты, оларды алдын ала және түпкілікті талдауды, отініш бойынша шешім қабылдау және оң шешім қабылданған кезде лицензияларды рәсімдеуді қосқанда). Комитет қызметкерлерінің де, басқа да ұйымдардың немесе тұлғалардың қандай да бір заңсыз төлем алудың, Комитеттің лицензияларын рәсімдеуге жәрдемдесудің кез келген әрекеті немесе басқа да заңсыз іс-әрекеттер туралы Комитет басшылығына дереу хабардар ету керек.
Комитеттің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты жұмыс бағыттары мынадай:
· Ядролық және радиациалық қауiпсiздік
· Ядролық және басқа радиоактивтік материалдардың, ядролық қондырғылардың, көліктің физикалық қорғауын, ядролық және басқа радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымына қарсы күресуді, ядролық терроризмнің әлеуетті актілерін болдырмауды қосқанда, физиқалық қауiпсiздік (Комитеттің құзыреті аясында).
· Аварияға қарсы дайындық және авариялық шаралар, ядролық немесе радиациалық шекаралас инцидентер кезінде халықаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау.
· Ядролық немесе радиациалық қауiптi қызметті жузеге асыратын мекемелердің кадрларын дайындау және персоналын аттестатау.
· Ядролық қызметтің қауiпсіздігін негіздеу ушін зерттеулерді ұйымдастыру.
· Комитеттің құзыреті аясындағы халықаралық ынтымақтастық.
Комитетке ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алудың мемелекеттік жүйесін жүргізу міндеттері жүктелген. Комитеттің барлық лицензиаттары өздерінің теңгеріміндегі тиісті материалдардың және сәуле шығару көздерінің болуы және олардың қозғалысы туралы тұрақты түрде деректер беруге міндетті. Ұйымдардың берген деректері негізінде және олардың верификациясын жүргізгеннен кейін иондаушы сәуле шығару көздерінің ұлттық тіркелімі жасалады. Ядролық материалдардың түгендеу саны жөніндегі деректер Қазақстан Республикасының материалдық теңгерім аймақтарында ядролық материалдар қозғалысы тізімін және журналын жүргізу үшін пайдаланылады. 1995 жылдың тамызында күшіне енген Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа байланысты Кепілдер қолдану туралы ҚР мен АТЭХАГ арасындағы келісімді орындау үшін Ядролық материалдардың болуы және олардың орын ауыстыруы туралы есептер тұрақты түрде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (АТЭХАГ) жіберіліп тұрады. Осы Келісімге Қосымша протокол 2007 жылы күшіне енді, оның ережелерінің орындалуы бойынша жауапкершілік Комитетке жүктелген.
ҚР Ядролық өнім берушілер тобының мүшесі болып табылады. Ядролық экспортты бақылау саласындағы Республиканың заңнамасы, нормалары және ережелері ГЯП-тың барлық ұсынымдарына сәйкес келеді. Ядролық экспортты немесе импортты жузеге асыруға берілген барлық өтініштер Комитетте міндетті келісуден өтеді, содан кейін Индустрия және сауда министрлігі лицезия береді. Ядролық немесе басқа да радиоактивті материалдарды, сондай-ақ иондаушы сауле шығару көздерін де іске асыру жөніндегі қызметтің өзі лицензиаланатынын атап өткен жөн.
Комитеттің штат саны 24 бірліктен құралған, төрағасын және оның екі орынбасарын қоса алғанда. Қурылым бойынша Комитеттің ішінде үш баскарма – Қадағалау және талдау басқармасы, Лицензиалау басқармасы, Материалдарды бақылау және физиқалық қауiпсіздік басқармасы бар.