ІЗДЕУ
 

Хабарландырулар



барлық хабарландырулар

Байланыс

010000,  Астана к, Орынбор көшесi, 10,  Министрліктер үйі, 13 кіріс

Қабылдау телефоны: (7172) 502953
Факс: (7172) 503073

E-mail: info@kaec.kz

 

Негізгі   Заңнама, ережелер мен нормалар

Заңнама, ережелер мен нормалар

Комитет қызметінің басты мақсаты  - бұл атом энергиясын бейбіт пайдалану кезінде қауіпсіздікті сенімді және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, халықты және адамның өмір сүру ортасын атом энергиясын пайдалана отырып қызметтің түрлі факторларының мүмкін боларлық теріс ықпалынан қорғау

Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды анықтайтын факторлар:

- уран өндiретiн және өңдейтiн кәсiпорындардың және оған ілеспе геологиялық жұмыстардың қызметі;
- құрамында радиоактивті элементтердің артуымен сипатталатын шикізатты өңдейтін және өндіретін кәсіпорындардың қызметі;
- уран өндірісі кәсіпорындарының қызметі
- энергетикалық және ядролық зерттеу қондырғылары, радиоизатопты өнімдерді қолдану;
- бұрын ядролық сынақ өткізген.

Қазақстанда атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызмет – кеңінен етек алған ядролық-жылыту циклі кәсіпорындарында ғана емес, сол сияқты медициналық, ғылыми және басқа да мекемелер радиоактивті көздерде пайдаланады. Осылайша, Комитеттің ықпалына ғылыми-өндірістік атомдық кешені кәсіпорыны ғана емес, сол сияқты қызметі ядролық және радиациялық қауіпті болып саналатын атом энергиясын пайдалану саласындағы барлық объектілер мен субъектілер кіреді. Шаруашылықтың барлық салаларында изотоптық өнімдер негізінен, иондаушы сәулеленуші ампулдық көздер түрінде пайдаланылады.


Атом энергиясын қауіпсіз қолданудың маңызды шарттарының бірі өз қызметінде атом энергиясын пайдаланатын ұйымдар мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу органы арасында құқықты реттеу, міндеттерді бөлу және жауапкершілікті шектеу болып табылады.

ҚР Үкіметінің 29.12.95 № 1894 қаулысымен лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілген. Оның құрамына Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ведомоствосы болып табылатын Атом энергетикасы жөніндегі комитеті кіреді.

Комитет белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 20-К бұйрығымен бекітілген Комитет туралы Ережемен анықталатын бірқатар функцияларды жүзеге асырады.

Заңнамамен Комитетке атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды және өз құзыреті шегінде лицензиялық ережелерді сақтауды бақылауды жүзеге асыру құқығы берілген.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің негізгі түрлері «Лицензиялау туралы» Заңның 13-бабымен  11.01.07 жылғы № 214., «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңның 5-бабына (14.04.97ж. № 93-1 ҚРЗ) және ҚР Үкіметінің 12.02.98ж. № 100 қаулысымен бекітілген Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау туралы ережемен айқындалады.

«Атом энергиясын ппайдалану туралы» Заңы (1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93-1 14) атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң қўқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың негізгі құқықтарын айқындайды, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтің барлық түрлерін міндетті лицензиялауды белгілейді.

«Лицензиялау туралы» Заңы (2007 жылғы 11 қаңтарда қабылданған, № 214) лицензиялауға жататын қызметті немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi мемлекеттiк лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейді, лицензиялаудың негізгі принциптерін, түрлері мен лицензия нысандарын, лицензия алуға қажетті құжаттардың тізбесін анықтайды.

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы (1998 жылғы 23 сәуірде қабылданған, № 219-1) халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін айқындайды.

Заң радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, иондаушы сәулелендiру көздерімен қарым-қатынас кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін бағалаудың жалпы талаптарын белгілейді.

 Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ереже (ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы № 100 қаулысымен бекітілген) атом энергетикасы жөніндегі комитеттегі лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізбесін («Атом энергиясын пайдалану туралы» заңға сәйкес) анықтайды, өтініш берушілерге атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын белгілейді, лицензия алуға қажетті міндетті құжаттардың құрамын анықтайды.